Шет тілдер кафедрасының бастығы
педагогика ғылымдарының магистрі
Каптағаева Гаухар Калелқызы
Шет тілдер кафедрасы
Шет тілдері кафедрасының қызметі курсанттарға шет тілін оқытуда және алған білімдері негізінде адамгершілік қасиеттерін, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға және ой-өрісін кеңейтуге арналған.
Шет тілдерін оқытудың мақсаты – курсанттармен жұмыс жасау, қалыпты жағдайларда диалог жүргізу, мамандық туралы әңгімелесу және ақпарат алу үшін әскери-техникалық әдебиеттерді қолдану барысында тілді тиісті практикалық деңгейде меңгерту.
Осы мақсатта оқытудың коммуникативтік, әскери-қолданбалы, мәдениетаралық бағыты, жалпы білім беру және тәрбие міндеттері жүзеге асырылады. Шет тілдерін оқытудың жалпы білім беру мәні курсанттардың гуманитарлық дайындығын арттыру және филологиялық ой-өрісін кеңейту, олардың эрудициясы, елтану сипатындағы мәліметтермен: тілін оқытып жатқан елдің саясатымен, экономикасымен, мәдениетімен, әдет-ғұрыптарымен және дәстүрлерімен танысу.
Кафедра құрамының штаттық саны 11 адамды құрайды, оның ішінде санаттар бойынша:
-
Оқытушылар құрамы: штат бойынша - 10, тізім бойынша - 4
-
Оқу-көмекші персонал: штат бойынша -1, тізім бойынша-1
Кафедраның негізгі міндеттері:
-
курсанттарға шет тілін алғашқы білуге дағдыландыру және кәсіби және қоғамдық қызметте шет тілін тиімді қолдануды қалыптастыру.
-
курсанттарды сауатты сөйлеуге, әскери терминдерге және нақты саяси жағдайда тілді қолдануға үйрету және олардың қызметтік іс-әрекеттегі ережелерін іске асыру.
-
курсанттарға оқытылатын тілге қатысты елінің саяси жүйесі мен әскери құрылымы туралы жалпы білім беру.
Кафедраның әдістемелік қамтамасыз етілу деңгейі оқу-әдістемелік жұмыстың міндеттерін сапалы шешуге мүмкіндік береді. Практикалық сабақтарды өткізу барысында кафедрадағы сабақ тақырыптарын зерделеу бойынша оқытушының басшылығымен курсанттардың өзіндік дайындығына басты назар аударылады.
Әдістемені жетілдіру, оқу сабақтарын өткізудің тиімділігі мен сапасын арттыру, профессорлық оқытулар құрамының педагогикалық шеберлігін арттыру, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында кафедрада:
-
Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі мәселелерін қараумен кафедра отырыстары;
-
Әдістемелік сабақтар: көрнекі, ашық және сынақ сабақтары, апта сайын шет тілін оқыту әдістемесі мәселелері бойынша кеңес.
-
Кафедрааралық әдістемелік кеңестер;
-
Оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және жетілдіру, оқу процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді дамыту;
-
Озық педагогикалық тәжірибені талдау олардың нәтижелерін оқу-тәрбие жұмысына енгізу, оқу-тәрбие жұмысына басшылық құжаттардың талаптарын енгізу және іске асыру;
-
Оқу сабақтарына бақылау жүргізу.