ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫ
2024 жылғы ҚР ҚК әскери девизі «Айбынды армия — тәуелсіздік кепілі»
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы РЭжБӘИИ (1,2,3,5 курстары) барлық мамандықтар бойынша курсанттарға жалпы гуманитарлық білім беру, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуді, конституциялық және әскери міндетке адал болу, өмірге деген белсенділікті арттыру қасиеттерін қалыптастыруға арналған.
Кафедраның негізгі міндеттері:
- курсанттардың жеке құраммен психологиялық педагогикалық тұрғыда жұмыс жүргізуінде тәжірибе қалыптастыру, әскери психология және педагогика, Қазақстан тарихы, философия, әлеуметтану пәндері бойынша курсанттарға теориялық білім беру, тәрбие жұмыстарының әдістемесі, жоғары өнегелік қасиеттер мен құнды бағыттарға тәрбиелейді, сонымен қатар курсанттарды қоғамда жалпы қалыптасқан мінез құлық нормалары, көзқарастар, сенім мен дәстүрлерге бағыттайды;
- қоғамдағы және Қарулы Күштердегі әлеуметтік даму заңдылықтарына, әлеуметтік үдерістердегі өзгерістерді негізге ала отырып курсанттарда қазіргі заманға сай әлеуметтік саяси ойлау мен мінез құлық қалыптастыру;
– курсанттарды әскерлермен жұмыс жүргізуге даярлау, қарамағындағылармен оқу тәрбиелік жұмыстар ұйымдастру және жүргізу бойынша тәжірибелік дағдылар мен шеберлік қалыптастыру; курсанттардың бойында бөлімшелердегі тәрбие жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында әскери ұжымдардағы әлеуметтік психологиялық үдерістерді талдауда тәжірибелік дағды қалыптастыру;
– курсанттарды командирлік қызмет бойынша кәсіби бағытта, психологиялық даярлыққа тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының егемендігін қорғау мүддесінде психология педагогикалық теорияны өзіндік шығармашылық тұрғысынан игеруге тырысу және оны қызметінде тәжірибе түрінде қолдана білуге тәрбиелеу.
Кафедрада оқытылатын пәндер:
Кафедра оқытушыларының бастамасымен «Бесқару» әскери-патриоттық клубы, «Легион» зияткерлік клубы, «Барыс» әскери-психологиялық клубы құрылған.