ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫ
2024 жылғы ҚР ҚК әскери девизі «Айбынды армия — тәуелсіздік кепілі»
Практикалық қазақ тілін оқыту Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғары білімді офицерлерін дайындаудағы жалпы міндеттің құрамдас бөлігі болып табылады.
Кәсіби қазақ тілі пәні мамандық тілін, кәсіби сөйлеу тілін меңгертуге арналған. Әскери және техникалық мәтінді оқып, оның жалпы мазмұнын ауызша және жазбаша түрде баяндай алуы, әріптестерімен кәсіби тақырыпта сөйлесе алуы, өзінің кәсіби құзыреті шеңберінде коммуникативтік құзіреттілігін дамытып, түрлі шағын стиль мен жанр талаптарына сай мәтіндерді жаза алуына дағдыландырады. «Практикалық қазақ тілі» курсы негізгі қазақ тілінің грамматикалық категорияларын білетін, оқу, жазу, түсіну, айту сияқты коммуникативтік жалпы дағдыларды игерген курсанттарға арналған.
Пәнді оқытудың міндеттері:
«Практикалық қазақ тілі» курсының міндеті - курсанттардың мамандық тілін меңгертіп, коммуникативтік білік дағдыларын дамыту болып табылады.
Оқыту курсы болашақ офицерлерді мамандықтарына сәйкес әскери лексиканы, техникалық терминдер мен тірек сөздерді игертіп, қатысымдық сөйлеу әрекетін дамытуға бағытталған.
Кафедраның жеке құраммен жасақталуы
Кафедра оқытушылар құрамымен жасақталуы– 90%.
Жоғары білімі бар – 9 адам;
Ғылым кандидаты - 1 адам.
Магистр – 9 адам.
Кафедраның оқу-материалдық базасы оқытудың мақсаты мен мазмұнына жауап береді.
Тиісті құжаттама мен дәрісханалар заман талабына сәйкес жабдықталған. Білім алушыларға сапалы білім беру жоғары деңгейде жолға қойылған.
2023 оқу жылынан бастап қазақ оқу бөлімі курсанттарына арналған «Орыс тілі» пәні енгізілді. Орыс тілінен орыс тілі цикліның басшысы доцент К.Атейбекова, оқытушы А.Ерлан дәріс өткізеді.