ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫ

 

2024 жылғы ҚР ҚК әскери девизі «Айбынды армия — тәуелсіздік кепілі»

Радиоэлектрондық барлау және радоэлектрондық күрес кафедрасы

2021 жылғы тамызда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында радиоэлектрондық барлау және радоэлектрондық күрес кафедрасы құрылды.

Радиоэлектрондық барлау және радоэлектрондық күрес кафедрасы 6В12107 «Әскери істегі радиоэлектроника және инжиниринг» мамандығы бойынша «радиоэлектрондық барлау және радиоэлектрондық күрес» біліктілігі бойынша мемлекеттік білім беру стандартының талаптарын және біліктілік сипаттамаларына сәйкес әскери-инженерлік кадырларды даярлауға арналған.

Кафедраның негізгі міндеті:

  • радиожиілік спектрін бақылау;
  • күрделі радиоэлектрондық жәйді жедел және сапалы бағалау;
  • жедел тактикалық есептеулерді жүргізу;
  • арнайы құралдарды орналастырудың ең қолайлы позицияларын анықтау;
  • РЭБ және РЭК жабдықтары мен жүйелерін тиімді пайдалану және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Кафедрада 17-ден астам негізгі және арнайы пәндер оқытылады, олардың негізгілері:

  • РЭБ және РЭК теориалық негіздері;
  • РЭБ және РЭК құралдары және кешендерінің құрылуының негіздері мен принциптері;
  • Шет елдардің радиоэлектрондық құралдары мен басқару жүйелері;
  • РЭБ және РЭК бөлімшесі әрекетінің тактикасы және кешендерді жауынгерлік қолдануды ұйымдастыру;
  • РЭБ және РЭК кешендеріндегі жауынгерлік жұмыс;
  • Жедел-ақпараттық жұмыс;
  • Радиоэлектрондық қорғау;
  • РЭБ және РЭК кешендеріндегі тәжірибелік жұмысы.

Радиоэлектрондық барлау және радиоэлектрондық күрес кафедрасының түлектері жауынгерлік (жедел) қамтамасыз етудің екі түрі бойынша негізі офицерлік лауазымдарды құрауға арналған:

  • барлау (радиоэлектрондық барлау);
  • радиоэлектрондық күрес.

 

          Кафедраның оқу-материалдық базасы:

            Мамандар даярлауды жүзеге асыру үшін кафедрада: